"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп.

 

 1. Жалпы ережелер

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы, Атамекен көшесі, 5.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер: 

«Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - 47 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -24; 

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –23 қызмет.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін

оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау -14 

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында

балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау - 0

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын

беру – 16

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды

қабылдау – 17

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына

денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін – 0.

2022 жылмен салыстырғанда «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ - 51 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде:

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -23; 

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны –28 қызмет.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін

оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау - 13

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында

балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау - 5

Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын

беру – 17

Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды

қабылдау – 16

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына

денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін – 0.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3. Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

 Білім саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»;

2) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»; 

3) «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;   

4) «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;

5) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»;

2. Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ресми интернет-ресурсында http://sc0005.zerenda.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754  орналастырылған . «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде. «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары-бейнежазба жарияланды. https://www.instagram.com/tv/Ckc7oGaoH15/?igsh=NndqcnQ4dTc1bjE2Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

2024 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 08.09.2023 12:11
Құрылған күні: 29.02.2024 23:51

Текст