Текст
" />
22.12.2025
" Тәуелсіздік күніне" орай "Жастар" бағдарламасы аясында 7-8 сынып ұлдары арасында "Волейболдан" облыстық жарыста Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің оқушылары командасы жүлделі 2- орын алып, ауданымыздың атын асқақтатып жақсы ойын көрсете білді. Оқушыларымыз бен жаттықтырушысы Хинаят Ержан мұғалімді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
24.11.2025
“Заң мен тәртіп” тақырыбы бойынша аймақтық дебат турниріне “БЖШО жанындағы Ақадыр ауылының ЖОББМ” КММ филиалынан “Айтарым бар” және “Сөз мәйегі” тобы қатысып “Үздік кубог” иегері атанды. Құрамында: Султанбек А., Тилеубек Ж., Бауыржан А., Сарсемби А. Жетекшісі: Нұршәріп С.
10.11.2025
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ 5-сыныпта "15-қараша -Ұлттық валюта-теңге күні. Теңге-тәуелсіздік тірегі" тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Нұршәріп С.
03.11.2025
Ақадыр ауылының ЖООБ мектебінің КММ 7-сынып "Заң және менің құқығым" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Оқушыларға заңның маңызын түсіндіру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың салдарын ұғындыру, заңды сақтау мәдениетін қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Конселхан Жанаргуль
20.10.2025
“Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі” КММ 25-қазан Республикасы күніне орай "Менің Республикам Қазақстан" атты 5- сыныпта тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың бойына Отанды сүю, тілін құрметтеу, патриоттық тәрбиеге үйрету. Жетекшісі: Нұршәріп С. #біртұтас_тәрбие #nauryznama2025 #Біртұтас_тәрбие #oqu_agartu_ministrligi #qani.beisembaev #medetbekova meruert #aqmoedu #aqmola.oblysy.birtutas.tarbie @zerendi_bilim_bolimi @nursulu_87082194864
13.10.2025
“Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі” КММ 11-қазан күні 11-сынып оқушылары және ата-аналарымен “ҰБТ- 2026” тақырыбында жалпы жиналыс өтті. Жиналыс барысында : ҰБТ -ның нұсқаулықтар, ерекшеліктері, ережелерімен таныстырылып, түсіндірме жұмысы болды. Сынып жетекшісі: Махмет О.
01.10.2025
Кітап - білімнің көзі, ал кітапханашысы - сол білімге бастар жолды нұсқаушы. Мектеп кітапханашысы - тек кітапты сақтаушы ғана емес, оқушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ғайни апай оқушылардың қызығушылығын оятып, ізденіске жетелейді, рухани дамуына бағыт береді. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай : "Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы". Ал, осы білімнің бұлағына жетелейтін де -кітапханашы. Кітапханашының еңбегі - көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жақын жұмыс. Ол үнемі оқырманмен бірге, жаңа әдебиеттермен таныстырып, тәрбие мен білім беру ісіне үнсіз үлесін қосады. Біздің Ғайни апай кітапханашы болғалы 20 жылдан асты. Мектеп оқушылары Ғайни апайды жақсы көреді, үнемі байланыста болады. Бүгінгі күні цифрлық дәуірге бейімделе отырып, кітапханашылар жаңашылдық пен дәстүрді ұштастырып келеді. Олар - оқушыны тек оқуға ғана емес, ойлауға, талдауға, таңдауға үйрететін тұлғалар. Соның бірі - Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің кітапханашысы Алданыш Ғайни.
10.09.2025
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ мектебіміздегі тілдер апталығына орай 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен "Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі" тақырыбында тарихи-танымдық сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың күрделі- құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу және көне ескерткіштердің зерттелу тарихынан мағлұмат алу, танымдық кеңістігін дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Пән мұғалімі: Хабасия А.
05.09.2025
Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде "Тіл - ұлттың жаны. Тілімізді құрметтеу - болашағымызды құрметтеу" тақырыбында тілдер мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл мерекенің мақсаты- мемлекеттік тілді құрметтеу, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, көптілділікке баулу және ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. Іс- шара барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады. Тілдер мерекесі - әр ұлтты жақындастыратын, ортақ мақсатқа біріктіретін рухани көпір екенін ешқашан ұмытпау керек.
26.05.2025
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. 2024-2025 оқу жылының аяқталуына "Құлақтан үні кетпестей сыңғырла сыңғырла қоңырау" тақырыбында түлектерге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды . Мектебімізден біліммен тәрбие алып самғап ұшқалы тұрған түлектерімізге сәт сапар тілейміз. #біртұтас_тәрбие