"Ақмола облыстық білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Средняя общеобразовательная школа села Акадыр отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желіде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жемқорлық бізге жат қылық

   Мектебімізде   ай сайын  жемқорлыққа байланысты  жұмыстар жоспарланып өткізіліп отырады.Онда сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар жүргізілу барысында оқушыларымызға жемқорлықтың не екенін және ол неден басталатыны жайлы яғни оның зардабы туралы  мағлұматтар беріледі.  Біздің мақсатымыз - елімізде етек алып бара жатқан жағымсыз дүниелерді оқушы бойына сіңірмеу одан аулақ болу,  бір – біріне қол ұшын беріп, ұйымшыл болуға тәрбиелеу. Әр оқушының патриоттық сезімі жоғары болу керектігі сыныптан тыс жұмыста, сынып сағаттарында  әр түрлі тапсырмалар орындауда сұрақтарға жауап беру барысында, ойын түрінде оқушы бойына сіңіріп ой салу барысында көптеген дүниелер  жас жеткіншектің  болашағына дұрыс жол сілтері сөзсіз.  «Жемқорлық бізге жат қылық», «Жемқорлықсыз әлем», «Жемқорлыққа жол жоқ», «Жемқорлыққа қарсымыз?» тақырыптарында  жұмыстар жүргізілді. «Жемқорлықсыз ел, гүлденген ел» тақырыбында ақпарат бұрышы жасалды. «Біз жемқорлыққа қарсымыз?» тақырыбында мектеп инспекторының жауапкершілігімен сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Адал бола білейік» адалдық клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Онда нәрсе беру мен алуда заңға қайшы екенін слайдтар видеолар арқылы көрсетіп, оқушылардың ой өрісін кеңейтті.

Жаңартылған күні: 03.03.2020 12:56
Құрылған күні: 03.03.2020 12:56

Текст