Текст
09.04.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. "Намыс" Спартакиадасы аясында өткен аудандық "Отан қорғаушы" әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау жөніндегі жарысқа Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің 4 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болды. "Кеудені жерден көтеру" жаттығуын орындауда Асылбек Біржан l орын иеленді. Жетекшісі: Силам Ашимбек
01.04.2024
,, Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі,, КММ,,бойынша Отбасылық үстел ойындары,, ,, Үйде ойнаймыз,, Қызықты ойындар ойнау,, тақырыбында оқушылар ата аналары және отбасымен шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы үстел ойындарымен ойнады. Әлеуметтік педагог Солтанбек Дария Мектеп психологы Жамантаева С. Н
20.03.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып оқушыларына "Қош келдің, Әз- Наурыз!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, салт дәстүр, ұлттық ойындар, шеберлік қабілеттерін арттыру.
11.03.2024
«Ақадыр ауылы ЖОББ мектебі» КММ 8—наурыз мерекесіне орай 11-сыныптың оқушыларымен «Анаға бас иеміз» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты : Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ете отырып, ізгілікке, сыйластыққа, татулыққа, мейірімділікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Ананың асыл қасиетін сезініп бойына сіңіру. Жетекшісі: Султанбек Ә.О
04.03.2024
2024 жылдың 27 ақпан күні "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ-нде гуманитарлық пәндер апталығының жабылу салтанаты өтті. Тақырыбы: "Тіл-ең асыл құндылық". Мақсаты: тіл құндылығын насихаттау, білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу. Іс-шара барысында тіл құндылығы, тарихы жайында ой қозғалды. Бірнеше тіл меңгерген атақты тұлғалар жайында оқушыларға қызықты деректер берілді. Сонымен қатар, оқушылар викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Тілдер апталығы барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс – шаралар, сайыстар қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.
28.02.2024
Мемлекеттік қызметтер туралы есеп
2023 жылғы Мемлекеттік қызмет бойынша есеп
Ақадыр ауылының жалпы білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекенжай деректері: Ақмола облысы Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы, Атамекен көшесі, 5, байланыс телефоны 87163252904.
Қабылдау демалыс және мереке...
28.02.2024
Ашық талқылау өткізу туралы хабарландыру
«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Сіздің назарыңызға 2024 жылғы 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста «Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»...
26.02.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. Мектебімізде "Тәрбиелі шәкірт- шығармашыл ұстаз" тақырыбы аясында сынып жетекшілер апталығына орай ашық тәрбие сағаты 2- сыныпта өтті. "Әкем, анам және мен достасамыз спортпен" отбасылық спорт сайысына оқушылар ата- аналарымен белсенді қатысты. Мақсаты: Ата- аналар мен балалары арасындағы қарым- қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сынып жетекшісі: Закер Сайран.
21.02.2024
"Ақадыр ауылының ЖОББМ" КММ, 5-сыныбында сынып жетекшілері апталығына орай, 14 ақпан күні "Әке жолы - ізгіліктің іздері" атты тәрбие сағаты жүрілді. Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың ролінің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой — пікірлермен бөлісу. Оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру. Осы тәрбие сағаты әкелер үшін де, балалары үшінде үлкен қуаныш сыйлады. Себебеі, балалар күнделікті өмірде әкелерінінен гөрі аналарының қасында көбірек жүретіндіктен, әкеге деген сағыныш, әкенің қамқоршылығын, сүйіспеншілігін күнде сезіне бермейді. Бұл бір сәттік сабақта балалар осылардың бәрін сезіне алды деп ойлаймын. Әкелер де сабаққа қатысқандарына өте қуанышты болды. Осындай әкелеріміз көп болсын! Балалар анасымен бірге әкелерінің де сүйіспеншілігіне жиі бөлене берсін! Сынып жетекшісі: Тумархан Рина.
14.02.2024
12-16.02.2024 аралығындағы "Талантты шәкіртке-шығармашыл ұстаз" тақырыбындағы апталықтың ашылуы.