Текст
09.01.2023
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберлігі, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін «Ақадыр ЖОББ» КММ —нің бастауыш сынып мұғалімі Туяахан Бердігүл аудандық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының атынан құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықпен марапатталды. «Ақадыр ЖОББ» КММ кәсіподақ төрайымы Кучумова Аида Мейрамовна
26.12.2022
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ 5,6 және 7,8 сынып оқушылары асық атудан ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Гран- При "Алтын сақа" облыстық турниріне қатысып, 7- сынып оқушылары Харагиз Эльдар, Хумархан Айдын, 8- сынып оқушысы Ержан Расул 1- орын иеленіп мақтау қағазы, алтын медальмен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жаттықтырушысы Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ дене шынықтыру пәні мұғалімі Хинаят Ержан.
19.12.2022
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. 9-сынып оқушысы Солтанбек Арайлым Нурбекқызы 14 желтоқсанда Ауданның 26 көшбасшы және дарынды оқушылары, балалар жылы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Көшбасшылықты жүзеге асыру жолдары мақсатында Зеренді ауданының әкімі Жаксылыков Асен Дулатович, аудандық білім бөлімінің басшысы Нурова Динара Шаймерденқызы, Шағалалы жоғары агротехникалық колледжінің директоры Оспанов Арман Даулетханович мырзалармен кездесіп түрлі сұрақтарға жауап алып, өз өнерлерін көрсетіп, тренинг сабаққа қатысып қызықты сәттің куәсі болып ерекше әсерге бөленіп қайтты. Ұйымдастырушы: аудандық тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Аубакирова Нурсулу Жанкельдиевнаға алғыс білдіреміз. Жетекшісі аға тәлімгер Айдар Назам
12.12.2022
Астана қаласында өткен " Жылдың үздік дарынды оқушысы" атты Республикалық форумға "Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі, Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі^ КММ оқушылары Султанбек Айғаным Талантқызы, Бауыржанқызы Айым, Кучумова Айлин Аскербековна қатысты.Осы оқушылар жеңімпаз деп танылып Төс белгі және І дәрежелі дипломдармен марапатталды.Оқушыларға "Ұлы дала тарихы^ атты естелік кітаптар сыйға тартылды. Ұйымдастырушылар тарапынан Астана қаласындағы Ұлттық мұражайға және Ұлттық кітапханаға саяхат ұйымдастырды.
05.12.2022
Ағымдағы жылдың 1-желтоқсан күні облыстық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті. Сайысқа 16 аудан мен қаладан мықты топтар қатысып, жоғарғы ойын көрсетті. Зеренді ауданы атынан қатысқан Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы "Ақадыр ауылы ЖОББ мектебі" КММ филиалының "Сөз мәйегі" тобы қатысып, Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл. Жеңімпаздарымызға шығармашылық табыс тілейміз!
29.11.2022
Зеренді ауданы білім бөлімі бойынша "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ Зеренді ауданында ұйымдастырылған "Ұлы өнер табысқа алғашқы қадам" робототехника сайысында "Лабиринт" номинациясы бойынша жүлделі І орын иеленді. Қатысушылар 9-сынып оқушысы Жанибек Дархан, Асылбек Біржан. Жетекшісі : Бирлесхан Айболат
29.11.2022
Зеренді ауданы білім бөлімі бойынша "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ Зеренді ауданында ұйымдастырылған "Ұлы өнер табысқа алғашқы қадам" робототехника сайысында "Интеллектуалды сумо" "А" сайысында жүлделі ІІ орын иеленді. Қатысушылар: Батихан Рустем Жәнібекұлы, Айсипат ғарифолла Жетекшісі : Султанбек Қанат
29.11.2022
Зеренді ауданы білім бөлімі бойынша "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ Зеренді ауданында ұйымдастырылған "Ұлы өнер табысқа алғашқы қадам" робототехника сайысында "Лабиринт" номинациясы бойынша жүлделі І орын иеленді. Қатысушылар 9-сынып оқушысы Жанибек Дархан, Асылбек Біржан. Жетекшісі : Бирлесхан Айболат
21.11.2022
18.11.22 ж. күні Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және Зеренді ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Айдарлы ауылының НОМ" КММ VII аудандық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті. Мақсаты: шешендік өнерді дәріптеу, оқушылардың араторлық қабілетін арттыру, мемлекеттік тілді насихаттау. "Бала би" шешендік өнер сайысы 4 кезеңнен тұрды. Сайысқа 15 мектептен 30 оқушы келді. Жан-жақты білімімен ерекше дайындықпен келген қатысушылар үздік өнер көрсетті. Қорытынды бойынша: 1-орын. "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ; 2-орын. "Жылымды ауылының НОМ" КММ; 3-орын. "Шағалалы ауылының ЖОББ мектебі" КММ. Жүлделі орындарға сыйлықтар мен 1,2,3 дәрежелі мадақтама. Барлық қатысқан топтарға белсенді қатысқаны үшін мадақтама берілді. Барлық жетекшілерге "Алғыс хат". Барлық оқушылар мен жетекшілерге шығармашылық табыс тілейміз!!! "Бала би" клубының жетекшісі: Нұршәріп С.
21.11.2022
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ 5-6 сынып оқушыларымен “Сыбайлас-жемқорлыққа жол жоқ” тақырыбында мектепішілік сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушыларға сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. • Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту • Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Жауапты : мектептегі аға тәлімгер Айдар Назам #білімбөлімі #өзін_өзібасқару #Адалұрпақ #ЖасҰлан @nursulu_77082194864 @dinara.nurova.1987