Текст
17.01.2022
Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі "Ақадыр ауылының ЖОББ" КММ . "Сөз мәйегі" пікір- сайыс клубы мектебімізде 2021 -2022 оқу жылынан бастап жұмыс істейді. Үйірмеде 15 оқушы бар олар білімдерін шыңдап әр түрлі тақырыптарда ақпараттар қарастырып, ой қорыта отырып өз ойларын толық жеткізіп үйренуде. Мақсаты: аудитория алдында оқушылардың өз ойын нақты жеткізе алуы; білімін шыңдау; нағыз патриот тәрбиелеу. Үйірме жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл.
31.12.2021
"ЖОББ Ақадыр мектебі" КММ 1-сыныбында "Қош бол, сүйікті Әліппем" тақырыбында Әліппемен қоштасу кештігі өткізілді! Мақсаты: қайта оралған Әліппе оқулығының маңыздылығы мен құндылығын дәріптей отырып, оқу мен білімге деген ынталарын арттыру. Сынып жетекшісі: Хуатбек Калуа
21.12.2021
2021 жылдың 15 желтоқсанында "Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ "Жас Ұлан"бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына оқушыларды қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті. 5 сыныптың 7 оқушы қабылданды. Жасұландықтарға Отанымыздың мақтанышы және өскелең ұрпақ үшін үлгі болуды тілейміз.
13.12.2021
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті" күніне орай желтоқсан айының 2-3 күндері облыстық "Бала би" шешендік өнер сайысы өтті. Сайысқа көптеген ауданнан оқушылар қатысты. Зеренді ауданы атынан БЖШО жанындағы "ЖОББ Ақадыр мектебі" КММ "Сөз мәйегі" тобы қатысты. Құрамында: Айсипат Назерке, Хумархан Аяулым. Жетекшісі Нұршәріп Сәндігүл. Нағыз білімді, патриот, шешендік өнерді меңгерген, жан-жақты шығармашыл оқушыларымыз жүлделі 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз!
06.12.2021
Жыл сайын бүкіл әлем бойынша 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні өткізіледі. Ақадыр ауылының жалпы білім беретін мектебі " КММ "Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз"акциясына арналған іс-шара өткізілді. Бұл акцияға мектеп ұжымы, медик, педагог—психолог, соц белсенді қатысты.педагог. Олар өз баяндамаларын дайындады, онда осы саладағы жұмыс туралы айтты.Кәсіподақ комитетінің төрайымы Кучумова Аида Мейрамовна
30.11.2021
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ Өзін -өзі басқару ұйымының, СӨС фракция жетекшісі Болат Саят 6-7 сынып оқушылары арасында "Біз-Жас Ұлан- тапқырмыз, ширақпыз, көңілдісіз" атты мектепішілік спорттық сайыс ұйымдастырды. Мақсаты: Ел тәуелсіздігінің 30 жылық мерейтойына орай оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеп, спортты сүйіп, елінің ертеңіне сеніммен қарайтын тұлға қалыптастыру. Нәтижесінде ерекше өнерлерімен І- орынды 7 сынып оқушылары "Мәңгілік ел" тобы қанжығаласа, ІІ - орынды 6 сынып оқушылары "Қыран" тобы иеленді. Аға тәлімгер Назам Айдарқызы
24.11.2021
"Ұлттық мектеп лигасы" бағдарламасындағы 5-6 сынып оқушылары арасында ұлттық спорт түрі "Асық ату" облыстық жарыстан "ЖОББ Ақадыр орта мектебі "КММ оқушылары Турсанхан Арсен, Харагиз Эльдар, Хапсанатұлы Рамазан 1- орын иеленіп, грамота, медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жаттықтырушысы Хинаят Ержан алғыс хат және спорттық жабдықтарына сертификатпен марапатталды.
17.11.2021
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы" ММ "Право" ҚҚ қасындағы «Шанс» ӘПҚҚО тапсырысы бойынша жасөспірім балалар арасында "Бақытты отбасы"әлеуметтік роликтер байқауы бойынша " Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін" КММ 9-сынып оқушысы Батихан Мадина Жанибек қызы 2021 жылғы 11 қазаннан – 31 қазан аралығында ұйымдастырылған конкурсқа ата-анасы мен қатысып жүлделі Iорынға ие болды. Мектебіміздің оқушысын шын жүректен құттықтаймыз!
08.11.2021
Көкшетау қаласында ұйымдастырылған "Qazaq epos" республикалық ағарту жобасының "Ер Едіге" қаhармандық жырын жатқа айту бойынша "Тұлпар мініп, ту алған" республикалық байқауының аясында ұйымдастырылған "Батырлар жыры тәрбие көзі" облыстық байқауында жыр оқу сайсына қатысып жүлделі І орынды мектебіміздің 9 - сынып оқушысы Аким Таңнұр иеленіп марапатталды. Жетекшілері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Хабасия Ахыт және Силам Мейрамгул мұғалімдерді құттықтаймыз. Силам Мейрамгул облыстық білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.Сіздерді жеңістеріңізбен құттықтап , шығармашылық табыс тілейміз!
26.10.2021
Киіз басу өнері-ұлттық мұра
Зеренді ауданы Ақадыр орта мектебінің «Мұрагер» қолөнер үйірмесі ұлттық қолөнерді жастардың бойына сіңіріп, халықтың назарына ұсынып, алғыстарына бөленіп жүргенімізге бірнеше жыл болды. Осынау Зерделі Зеренді өңірінде көптеген шебер , талантты...