Текст
18.10.2021
"БЖШО" жанындағы "ЖОББ Ақадыр мектебі" КММ филиалы "Бала би шешендік өнер үйірмесі" 2013 жылдан бері жұмыс істейді. Әрбір үйірмеге арналып бағдарлама құрылуы міндет. Осы ретте мамыр айында аудандық авторлық бағдарламалар іріктеуі өтіп, Нұршәріп Сәндігүлдің "Бала би шешендік өнер үйірмесінің авторлық бағдарламасы" 1-орынға ие болды. Ал облыстық кезеңге Зеренді ауданының атынан қатысып, тағы да 1-дәрежелі диплом иегері атанып, ауданымыздың мәртебесін көтерді. Алдағы уақытта Ақмола облысы білім басқармасы атынан Республикалық кезеңде өз жұмысын қорғайтын болады. Әріптесімізге сәттілік, жеңіс тілейміз!
12.10.2021
" Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр - Сұлтан қ. мен Ақмола облыстық ұйымы" ҚБ Зеренді филиалында "Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы күніне" орай мерекелік салтанатты жиын өтті.
" Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Нұр - Сұлтан қ.мен Ақмола облыстық ұйымы" ҚБ Зеренді филиалында "Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы күніне" орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында...
28.09.2021
"ЖОББ Ақадыр мектебі" КММ. "Ы. Алтынсарин атамыздың туғанына 180 жыл толуына арналған "Ұлы даланың Ұлы есімдері" тақырыбында ұйымдастырылған он күндік жоспарына сәйкес "Дала қоңырауы" тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырдық. Негізгі мақсат: оқушылар ақынның шығармаларымен оқып танысып, түсінгедерін қағаз бетіне бейнелеп қиялдарын шығармашылықпен ұштастыру. Оқушылар мақсатқа жетті тамаша суреттер салды. Жетекшілер көркем еңбек пәні мұғалімдері: Айдар Н. Серікбол Б
20.09.2021
ЖОБ Ақадыр орта мектебінде : " Ата-ана асыл қазына" атты тақырыпта отбасы күніне арналған сынып сағаты 9-сынып оқушыларымен өткізілді Сынып жетекшісі: Долай Бахитгул
16.09.2021
ЖОББ «Ақадыр мектебінің» 9-сынып оқушысы Батихан Мадина Жәнібек қызы ата-анасымен бірге « Елбасы медалі»жобасының қатысушыларының арасында «Отбасы күніне» арналған марафонына белсене қатысқаны үшін Батихан отбасы марапатталды! Жетекші: Долай Бахитгул Жобадағы тәлімгері: Азмаганова Бахытжан Хайрулаевна
11.09.2021
ЖОББ Ақадыр мектебінде "Ана тілім ардағым" тақырыбында тіл апталығы жоспарланып ұйымдастылылуда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты өткізіліп жатқан іс-шара әр түрлі бағыттарда сапалы және жүйелі өткізілуде. Апталық жұмысты ұйымдастырушы Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Хабасия А.
30.06.2021
Ақмола облысы Көкшетау қаласы " Болашақ сарайы" ұйымдастырылған IT бағытындағы оқу курс 21 күнге жалғасты. Курс 14 күн онлайн, 5 күн оффлайн түрінде өтті. ЖОББ Ақадыр мектебінің 7-сынып оқушысы Жанибек Дархан аталмыш курсқа қатысып IT, робототехника бағдарламасы бойынша көптеген мағлұматтар алып, білімін тереңдетіп келді. Курстің соңында оқушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
31.05.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ""Руханы жаңғыру"" бағдарламасының "" Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы"" арнайы жобасын жүзеге асыру аясында , Құрманғазы Сағырбайұлының 215 жылдығы мен Дина Нұрпейсованың 160 жылдығына орай ұйымдастырылған аудандық ""Күміс күй"" жас күйшілер байқауына қатысып, үздік өнер көрсетіп жеңімпаз атанған Ержан Расул және Нурбек Арайлым Дипломмен және шағын сыйлықтармен марапатталды.
17.05.2021
ЖОББ Ақадыр мектебінің 9-сынып оқушысы Анарбек Алмас "IQanat" олимпиадасында Жаратылыстану бағыты бойынша облыстық кезеңнен жоғары нәтиже көрсетіп, Алматы қаласында өткен Республикалық олимпиадаға қатысты.
13.05.2021
ЖОББ "Ақадыр мектебі" Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған " Абай клубының Үздік презентациясы" байқауында Зеренді ауданы бойынша үздік дипломмен I орын иеленген " Ақадыр ауылының ЖОББ" мектебі марапатталып, Облыстық байқауда сертификат пен марапатталған " Абай әлемі" клубын құттықтаймыз! Жетекшісі: Долай Бахитгул