Текст
" />
09.03.2021
"Жас Батыр 2021" атты облыстық онлайн байқауында ерекше өнер көрсеткені үшін Зибат Данияр 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
02.03.2021
4-сынып оқушыларымен "Алғыс айту" күніне орай жүргізілген сынып сағатында оқушылардың кері байланыс жасауы. Сынып жетекшісі: Хуатбек Халуа
23.02.2021
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі ақпан айының 18 күні онлайн форматта өткізілді. Сайыстың мақсатты – Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау.Жалпы орта білім беретін Ақадыр орта мектебінің 11-сынып оқушысы Хайвар Жалғас Зеренді ауданынның атынан қатысып ІІІ орын иеленді. Оқушымыз Хайвар Жалғастың білімге деген құштарлығы кеңейіп, биіктерден көріне беруіне тілектеспіз
15.02.2021
Жалпыорта білім беретін Ақадыр мектебінің 4-сынып оқушыларымен "Жол ережесін білейік, аман - есен жүрейік" атты тәрбие сағаты өткізілді. Негізгі мақсат - жол белгілерімен танысып, өмір қауіпсіздігінің алдын алу, қиын сәтте дұрыс шешім таба білу. Өткізген: аға тәлімгер Айдар Назым
09.02.2021
Қосымша пəндер апталығында"Үміт" балалар ұйымының ұйымдастырылуымен бастауыш сыныптар арасында салауаттылық дағдысын қалыптастыру мақсатында " Көңілді мəре" , "Жас Қыран" атты спорттық сайыс сабағын өткіздік. Балаларға қызықты жеті тапсырма берілді. Оқушылар белсенді қатысып, көңілді жарыс болды. Оқушыларына қолдау көрсетіп, сайысқа бірге қатысқан бастауыш сынып мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Жетекшісі : Аға тəлімгер Айдар Назам
02.02.2021
Физика пәні мұғалімі Султанбек Қанат ,,Жаратылыстану пәндері апталығында" 7-сыныпта ,,Қысым" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақты BilimLend платформасы арқылы тиімді етіп жүргізді. Қанат Султанбекұлына шығармашылық табыс тілейміз!
25.01.2021
Жалпы білім беретін мектептердегі 10-11 сынып оұушылары арасында ұйымдастырылған аудандық "Ұлттық мектеп лигасы" шахмат онлайн - турнирінде белсенділік танытып оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларды командалық ойынға дайындап жетекшілік жасаған денешынықтыру мұғалімі Хинаят Ержан да марапатталды. Мектептер арасындағы шахмат лигасына мектебіміз белсенділік танытып 2-орын иеленді. Оқушыларымыз біліммен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық іс-шараларға белсенді атсалысады.
20.01.2021
БШҮ жанындағы Ақадыр ОМ "Мұрагер" қолөнер үйірмесінде ашық сабақ өтті
Бүгін 20.01.20 ж. күні БШҮ жанындағы Ақадыр ОМ "Мұрагер" қолөнер үйірмесінде ашық сабақ өтті. Тақырыбы: "Жұмсақ ойыншықтарды жүннен жасау". Ашық сабақта интерактивті тақта, жұмсақ ойыншықтар, әдістемелік үлестірмелер, сабақ барысына қажетті барлық әдістемелік...
12.01.2021
7-сынып оқушысы Жәнібек Дархан Қазақстан Республикасының ғылыми - әдістемелік орталығы ұйымдастырған "DARYN ECOART" Республикалық сайысына қатысып жүлделі 2 орынды иеленді.
29.12.2020
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін мектебіміздің дефектологы Нұршәріп Сәндігүлге құрмет грамотасы табысталды.