Текст
13.10.2025
“Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі” КММ 11-қазан күні 11-сынып оқушылары және ата-аналарымен “ҰБТ- 2026” тақырыбында жалпы жиналыс өтті. Жиналыс барысында : ҰБТ -ның нұсқаулықтар, ерекшеліктері, ережелерімен таныстырылып, түсіндірме жұмысы болды. Сынып жетекшісі: Махмет О.
01.10.2025
Кітап - білімнің көзі, ал кітапханашысы - сол білімге бастар жолды нұсқаушы. Мектеп кітапханашысы - тек кітапты сақтаушы ғана емес, оқушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ғайни апай оқушылардың қызығушылығын оятып, ізденіске жетелейді, рухани дамуына бағыт береді. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай : "Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы". Ал, осы білімнің бұлағына жетелейтін де -кітапханашы. Кітапханашының еңбегі - көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жақын жұмыс. Ол үнемі оқырманмен бірге, жаңа әдебиеттермен таныстырып, тәрбие мен білім беру ісіне үнсіз үлесін қосады. Біздің Ғайни апай кітапханашы болғалы 20 жылдан асты. Мектеп оқушылары Ғайни апайды жақсы көреді, үнемі байланыста болады. Бүгінгі күні цифрлық дәуірге бейімделе отырып, кітапханашылар жаңашылдық пен дәстүрді ұштастырып келеді. Олар - оқушыны тек оқуға ғана емес, ойлауға, талдауға, таңдауға үйрететін тұлғалар. Соның бірі - Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің кітапханашысы Алданыш Ғайни.
10.09.2025
"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ мектебіміздегі тілдер апталығына орай 8-сыныпта қазақ тілі пәнінен "Көне түркі ескерткіштерінің зерттелуі" тақырыбында тарихи-танымдық сабағы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың күрделі- құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу және көне ескерткіштердің зерттелу тарихынан мағлұмат алу, танымдық кеңістігін дамыту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Пән мұғалімі: Хабасия А.
05.09.2025
Қазақстан халқы тілдері күніне орай мектебімізде "Тіл - ұлттың жаны. Тілімізді құрметтеу - болашағымызды құрметтеу" тақырыбында тілдер мерекесінің ашылу салтанаты өтті. Бұл мерекенің мақсаты- мемлекеттік тілді құрметтеу, ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, көптілділікке баулу және ұлттар арасындағы ынтымақты нығайту. Іс- шара барысында оқушылар түрлі тапсырмаларды орындады. Тілдер мерекесі - әр ұлтты жақындастыратын, ортақ мақсатқа біріктіретін рухани көпір екенін ешқашан ұмытпау керек.
26.05.2025
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. 2024-2025 оқу жылының аяқталуына "Құлақтан үні кетпестей сыңғырла сыңғырла қоңырау" тақырыбында түлектерге арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды . Мектебімізден біліммен тәрбие алып самғап ұшқалы тұрған түлектерімізге сәт сапар тілейміз. #біртұтас_тәрбие
05.05.2025
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6-11 сынып оқушыларымен "Отбасым менің тірегім" тақырыбында әңгімелесу, дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оқушыларға "Ұлыма хат" видео жазбаны көрсете отырып отбасыңың әкенің қадір қасиетін түсіндіру олардың ойларын тыңдау пікір алмау жұмысы жүргізілді. ТІМ Малик Армангуль ⚜️ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ⚜️АДАЛ АЗАМАТ ⚜️ОЗЫҚ ОЙЛЫ АЗАМАТ ⚜️ТӘУЕЛСІЗДІК ОТАНШЫЛДЫҚ ⚜️ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ⚜️БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ @zerendi_bilim_bolimi @nursulu_87082194864 #біртұтас_тәрбие #румдомонрк
14.04.2025
"Алтын түлек" Республикалық олимпиадасының Республикалық кезеңіне мектебіміздің 11-сынып оқушысы Жухай Дархан қатысып, 3-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Берлисхан Айболат
07.04.2025
Ашық талқылау өткізу туралы хабарландыру
04.04.2025
"Наурыз мейрамы" мерекесіне орай "Жастар" Спартакиадасы бағдарламасындағы "Ұлттық мектеп лигасының" 7-8 сынып ұлдары арасында "Асық атудан" облыстық жарыста 2- орын иеленген оқушыларымыз Мұратбекұлы Нұрсұлтан,Хапсанатұлы Рамазан, Абилкайыр Әсетті құттықтаймыз. Жаттықтырушысы: Хинаят Ержан.
28.02.2025
Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылғы есеп 1. Жалпы ережелер 1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ" заңды мекенжайы:...