"Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ. Бүгін яғни 2.02.2026 күні "Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам." атты 9 сыныппен тәрбие сағат өткізілді. Сабақ барысында оқушылар интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, жеке ақпаратты қорғаудың жолдарын білді. Кибербуллинг, жалған ақпарат, интернеттегі қауіп-қатерлер туралы түсініктері кеңейді. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірде кездесетін нақты жағдайларды талқылады. Нәтижесінде, оқушылардың интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға деген жауапкершілігі артты. Сабақ оқушыларға саналы интернет қолданушы болудың маңызын ұғындырды. Сынып жетекшісі Айдар Назам.

02.02.2026

Просмотров: 2180


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу