Текст
" />
06.05.2024
Мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7—сыныпта "Қазақстан —ынтымақ мекені" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Ұлтаралық достық пен ынтымақтастық туралы жан-жақты ақпарат беру, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
29.04.2024
Мектебімізде біртұтас тәрбие бағдарламасы барысында 5-сыныпта "1-мамыр бірлік күні" тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:Ұлтаралық достық пен ынтымақтастық туралы жан-жақты ақпарат беру, адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру
24.04.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің ата аналарымен "Отбасы тәрбие бастау" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
19.04.2024
1- сыныпқа қабылдау
17.04.2024
Бүгін, ягни12 сәуір күні бүкіл ел бойынша шахматтан Республикалық челлендж ұйымдастырылды.Ауқымы мыңдаған мектепті қамтыған шарадан біздің мектеп те шет қалмады. Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ нің мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары бір кабинетке жиналды. Ұл-қыздар ортада шахмат тақтайшаларын ашып, ойынға кірісті. Бүгінгі өтіп жатқан челлендждің маңызы өте зор. Шахмат ойыны балалардың ой-өрісінің дамуына ықпал етеді. Ұйымдастырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі Хинаят Ержан.
09.04.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ. "Намыс" Спартакиадасы аясында өткен аудандық "Отан қорғаушы" әскери-спорт кешенінің нормативтерін орындау жөніндегі жарысқа Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің 4 оқушы қатысып жүлделі орындарға ие болды. "Кеудені жерден көтеру" жаттығуын орындауда Асылбек Біржан l орын иеленді. Жетекшісі: Силам Ашимбек
01.04.2024
,, Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі,, КММ,,бойынша Отбасылық үстел ойындары,, ,, Үйде ойнаймыз,, Қызықты ойындар ойнау,, тақырыбында оқушылар ата аналары және отбасымен шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы үстел ойындарымен ойнады. Әлеуметтік педагог Солтанбек Дария Мектеп психологы Жамантаева С. Н
20.03.2024
Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі КММ Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып оқушыларына "Қош келдің, Әз- Наурыз!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мақсаты: Ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, салт дәстүр, ұлттық ойындар, шеберлік қабілеттерін арттыру.
11.03.2024
«Ақадыр ауылы ЖОББ мектебі» КММ 8—наурыз мерекесіне орай 11-сыныптың оқушыларымен «Анаға бас иеміз» атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты : Баланың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ете отырып, ізгілікке, сыйластыққа, татулыққа, мейірімділікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Ананың асыл қасиетін сезініп бойына сіңіру. Жетекшісі: Султанбек Ә.О
04.03.2024
2024 жылдың 27 ақпан күні "Ақадыр ауылының ЖОББ мектебі" КММ-нде гуманитарлық пәндер апталығының жабылу салтанаты өтті. Тақырыбы: "Тіл-ең асыл құндылық". Мақсаты: тіл құндылығын насихаттау, білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу. Іс-шара барысында тіл құндылығы, тарихы жайында ой қозғалды. Бірнеше тіл меңгерген атақты тұлғалар жайында оқушыларға қызықты деректер берілді. Сонымен қатар, оқушылар викториналық сұрақтарға белсене жауап берді. Тілдер апталығы барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс – шаралар, сайыстар қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.