Кітап - білімнің көзі, ал кітапханашысы - сол білімге бастар жолды нұсқаушы. Мектеп кітапханашысы - тек кітапты сақтаушы ғана емес, оқушы мен кітап арасындағы алтын көпір. Ғайни апай оқушылардың қызығушылығын оятып, ізденіске жетелейді, рухани дамуына бағыт береді. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай : "Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы". Ал, осы білімнің бұлағына жетелейтін де -кітапханашы. Кітапханашының еңбегі - көзге көрінбейтін, бірақ жүрекке жақын жұмыс. Ол үнемі оқырманмен бірге, жаңа әдебиеттермен таныстырып, тәрбие мен білім беру ісіне үнсіз үлесін қосады. Біздің Ғайни апай кітапханашы болғалы 20 жылдан асты. Мектеп оқушылары Ғайни апайды жақсы көреді, үнемі байланыста болады. Бүгінгі күні цифрлық дәуірге бейімделе отырып, кітапханашылар жаңашылдық пен дәстүрді ұштастырып келеді. Олар - оқушыны тек оқуға ғана емес, ойлауға, талдауға, таңдауға үйрететін тұлғалар. Соның бірі - Ақадыр ауылының ЖОББ мектебінің кітапханашысы Алданыш Ғайни.

01.10.2025

Просмотров: 3107


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу