Шығармашылық-эстетикалық пәндер апталығының ашылуы "Жүректен туған өнер,әлемге шашқан шуағымыз"

08.10.2026

Бастауыш сынып мұғалімі Хайвар Шынар 4-сынып оқушыларымен «Спорт – менің серігім» тақырыбында көңілді эстафеталық сайыс ұйымдастырды.
Сайыс барысында оқушылар белсенділік пен шапшаңдықтарын, ептілік пен тапқырлықтарын сынға салды. Көңілді жарыстар қатарында:
🔹 «Кедергілерден жүгіру»
🔹 «Кім епті?»
🔹 «Жұбыңды тап»
🔹 «Адасқан әріптер»
🔹 «Дос болайық»
🔹 «Кім жылдам құрастыру?»
🔹 және басқа да қызықты сайыс түрлері қамтылды.
✨ Әр кезеңде оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсетті. Жарыс барысында көтеріңкі көңіл-күй орнап, оқушылар спорттың денсаулық кепілі ғана емес, достық пен бірлікті нығайтатын тамаша құрал екенін сезінді.
Спорт – сергектік, спорт – денсаулық, спорт – достық! 💪🏆

Просмотров: 193

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу